Демилитаризация

24 ақпанда Владимир Путин Украинада арнайы операцияның басталғанын жариялады, бұл іс жүзінде соғыс. Ресей билігінің айтуынша, «арнайы операцияның» мақсаты — Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау. Демилитаризация дегеніміз не? Түсіндіріп көрейік.




Демилитаризация әскери объектілерді, бекіністер мен құрылыстарды жою, сондай-ақ белгілі бір аймақта әскери базалар мен әскерлерді ұстауға тыйым салу. Мысалы, қаруды, оны шығаратын зауыттарды, әскери техниканы және т.б. жою.


Демилитаризация процесінен кейін аумақ демилитаризацияланған аймаққа (ДМА) айналады. Яғни, бұл соғысушы тараптардың өздерінің әскери іс-қимылдары мен операцияларын тарата алмайтын аумақ.


ДМА төрт критериге жауап беруі тиіс:



  • онда ұрыс қимылдарына қатысатын адамдар, соғыс құралдары мен  әскери керек-жарақтар болмауға тиіс;

  • стационарлық әскери қондырғылар мен құрылыстарды дұшпандық мақсатта пайдалануға болмайды;

  • билік пен халық ешқандай соғыс қимылдарын жасамауы керек;

  • аумақта әскери күштерді жасақтауға байланысты әрекеттер жасалмайды.


Халықаралық тәжірибеде бітім жасасу кезінде мемлекеттік шекаралар бойындағы аумақтар демилитаризацияға ұшырады. Мысалы, бізге белгілі  қарусыздандырылған аймақтардың бірі Оңтүстік (Корея Республикасы) мен Солтүстік (КХДР) Корея арасындағы шекара. Олардың арасындағы демилитаризацияланған аймақтың ұзындығы 241 шақырым, ені 4 шақырым.



03/03/2022 12:33 3808 0

03/03/2022
12:33 3808 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление